Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қысқа дайындық

c 17:53, 26/10/2020 c 613

0:00 / 0:00

Облыстық экологиялық-биологиялық орталық қысқа сақадай сай. Көпке танымал зообақта 90-нан астам аң-құстың түрі мекендейді. Сала мамандары қысқы азықты түгендеп, жануарларды жылы орындарға орналастырдық,- дейді.

Өткен ғасырда өз жұмысын бастаған зообақ бүгінде оралдықтардың сүйікті мекеніне айналып үлгерді. Қазіргі таңда облыстық экологиялық-биологиялық орталықта 250 аң-құс мекендейді.

Сала мамандары пандемия байланысты жан-жануарларды көруге келетін балалардың қарасы көбейгенін айтады.

Санитарлық талаптарға сәйкес зообақ қыркүйекте өз жұмысын жалғастырды. Қазіргі таңда облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың қызметкерлері үйірмеге келетін балалармен бірге қашықтан жұмыстарын жалғастыруда. Биылғы оқу жылында 600-ге жуық оралдық оқушы білімдерін шыңдауда. Мамандар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, бес балаға экскурсия ұйымдастыратынын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.