Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күзгі шақырту

c 17:38, 28/10/2020 c 389

0:00 / 0:00

Оралда күзгі әскерге шақыру маусымы сәтті жүзеге асуда. Ол желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл маусымда әскерге 200-ден аса адамды шақыру жоспарланып отыр. Биылғы шақыру ерекше, себебі коронавирустық пандемияға байланысты өзгерістер бар. Медициналық комиссия құрамына инфекционист дәрігер де енеді."Инфекционист дәрігер әскерге шақырылғандарда коронавирустың қандай да бір белгілері бар-жоғын анықтайды, сондай-ақ әңгімелесіп, байланыста болғандардың қатарында емес пе екенін тексереді. Кез келген күдік туындаған жағдайда медициналық комиссиядан өту тоқтатылады. Сондай-ақ, барлығының дене қызуы өлшенеді. Қашықтық пен маска тағу режимі сақталады. Сонымен қатар, әскерге аттанар алдында оларды ПТР-тестілеуден өткізеді.«Жас сарбаз» қоғамдық бірлесітігі БҚО бойынша филиалының төрағасы Шафхат Жұмалиев Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге осы айдың 30 күні аттанатын болады. Талдықорған қаласында азаматтық борышын өтейтін ол «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелерінің 80 пайызы әскерге аттанып болашақ мамандықтарын әскери саламен байланыстырғанын айтады.Биыл сарбаздарды шығарып салуға байланысты салтанатты іс-шаралар да тоқтатылды. Ата-аналар қысқа уақыттық кездесулермен шектелуде. Шафхат Жұмалиевтің әкесі «Жас сарбаз» қоғамдық бірлестігі ұлын әскери саладағы темірдей тәртіпке үйреткенін және оның Отан алдындағы борышын аброймен өтеп, туған өлкенің дамуына үлес қосатынына сенімді.Биыл облыс бойынша 3 мыңнан аса жас сарбаз отан алдындағы боршын әр облыста атқарып жүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.