Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күш атасын танымас

c 17:42, 16/09/2019 c 726

0:00 / 0:00

Спорт жаңалықтарына кезек береміз. БҚО - да Данияр Елеусіновтың ізін басқан жас спортшылар өсіп келеді. Мәселен, 14 жасар Теректілік Әмір Сейілхан жуырда Кувейтте өткен бокстан Азия чемпионтанының қола жүлдегері атанды. 2019 жылдың тамыз айының 1-9 күндері аралығында Кувейт елінде бокстан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Ұлт намасын өзге елде қорғамаққа аттанған 14 спортшының ішінде БҚО-нан 2 боксшы Сейілхан Әмір мен Қабдолла Бейбарыста бар еді. Жастайынын былғары қолғап спортына жаны құмар Сейiлхан Әмірдің бағы жанып, балғын 3-орынға ие болды. Жасөспірімнің спорттағы томағасын сыпырған ұстазының айтуынша Әмірдің болашағы зор. Діттеген мақсатқа жету жолында енді тек уақытпен санаспай тер төгіп, ұдайы шаршы алаңнан табылуы тиіс.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары таратқан ақпаратқа сүйенер болсақ, Ақжайық өңірінде 10 бөлімде 77 топта 916 жасөспірім аталған спорт түрін жанына серік етуде. Уақыт өткен сайын аудандарда түрлі спорттық секциялар ашылып оған келушілер қатары артып келе жатыр дейді сала мамандары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.