Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚР Премьер министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова отбасыларды аралады

c 15:44, 15/03/2019 c 637

0:00 / 0:00

ҚР Премьер министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова көп балалы аналардың үйінде болып, олардың тұрмыс тіршілігімен танысты. Аналардың мәселесін тыңдап, үйлерді аралаған Гүлшара Әбдіхалықова барлық отбасылар тиісті әлеуметтік көмекті алады деп түсіндірді.

Бұл алты баланың анасы Айтмуханова Сайда.Өзі балалар ауруханасында мейірбикенің көмекшісі болып жұмыс жасайды.Отағасы жұмыссыз.Үлкен ұлы әскердегі борышын өтеп келген. Оған да жұмыс керек.Бұл үйді көп балалы ана ретінде 10 жыл кезекке тұрып, қол жеткізіпті. Қазір екі бөлмелі осы үйде тұрып жатыр.
ҚР премьер министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен облыс әкімі Алтай Көлгінов Айтмуханованың  отбасына арнайы келді.Бала -шағаның қамын естіп, мемлекет тарапынан көп балалы аналарға берілетін көмек түрлері туралы түсіндіре келді.
Әскерден келген балам жұмыссыз деген Сайда Айтмухановаға облыс әкімі Алтай Көлгінов балаңызды жұмысқа орналастыруға көмектесеміз деп уәде берді.Қазір мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көп балалы аналарға қолдау көрсету ісі қолға алынып жатыр.Әсіресе мемлекеттік жәрдемақы алу, баспанамен қамту ісі жедел түрде жүретін болады.Балаларым базарым деп отырған жандардың бірі осы үйдің бибісі.Келген қонақтарға ақ дастарханың жайып, бала- шағасының бабын тауып отырған отанасы төрт баланың шешешсі.Балалардың бәрі де мектеп жасында.
Орал қаласына іс - сапармен келген премьер министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова көп балалы төрт отбасын аралап шықты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.