Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Көшпейміз, кетпейміз!". "Үй мен мектеп керек!"

c 16:52, 05/04/2022 c 558

0:00 / 0:00

"Ақ жолдықтар" шарасыз қалған Шалғын тұрғындарымен кездесті. Көктемгі су тасқыны кезінде Қаратөбе ауданына қарасты Шалғын ауылы бірінші болып табиғи апаттан зардап шекті. Тасқынның кесірінен елдімекенде 29 баспананы су басыпты. Үйлердің барлығы саман тастан салынған. Тұрғындар 23 үйдің қирап қалғанын айтады. Шалғындықтар әуелі 28-наурызда еріген қар суынан өз күшімен мектептерін аман сақтап қалса, 31-наурызда елдімекеннің жанында орналасқан Шиелі өзені арнасынан шықты. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен "Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясының өкілдері кездесті. Депутаттар ауыл тұрғындарының қордаланған проблемасын тыңдап қайтты.

Шалдықтардың қазіргі жағдайы осы. Шиелі өзені арнасынан шығып, екі рет тасыған кезде ауылдың 29 баспанасын су басты. Зардап шеккен үйлердің көбі қирап, алтауы аман қалған. Алайда саман тастан салынған үйлер тұруға жарамсыз.

Табиғи апаттан зардап шеккен ауыл тұрғындарымен "Ақ жол" партиясының өкілдері кездесті. Кездесу барысында шалғындықтар толғандырған мәселелерін жіпке тізіп, төтеншеліктердің жұмысын сынға алды. Тұрғындары ауылға  облыс әкімі Ғали Есқалиев пен бірге келген төтеншеліктердің қолында тіпті тиісті құрал-сайманның болмағандығын ашына айтады. Тек өзендегі мұзды жағадан қарап кері қайтты, мұзды уақытылы жарған кезде ауылды екінші рет су баспасына кім кепіл,- дейді халық.

Шалғын елдімекені қаладан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Шалғындықтар ауылдан көшкісі келмейді. Олар мектеп салып беруді сұрайды. Тіпті ауылдық ағайын бала асырап алуды жоспарлап отыр.

Тасқынның кесірінен зардап шеккен ауыл тұрғындарын құжат рәсімдеу мәселесі алаңдатып отыр.

Жақында су тасқынына орай премьер Әлихан Смайловтың төрағалық етумен арнайы жиын өтті. Министр Ильиннің айтуы бойынша Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысында жағдай күрделі. Үкімет басшысы өңірлерде қалыптасқан су тасқыны жағдайы әкімдіктердің қарды уақытылы шығармауына, каналдар мен арықтардың жеткіліксіз тазартылуына, су тасқынының алдын алу шараларын қаржыландырудың жеткіліксіз болғанына байланысты,- деді. Ал, Шалғын ауылына табан тіреген депутаттар "Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевқа депутаттық сауал жолдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.