Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қордайдағы режим

c 19:45, 11/02/2020 c 530

0:00 / 0:00

Қордайдағы қазақ-дүнген қақтығысынан соң, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзағалиев бастаған бірқатар лауазымды тұлғалар қызметімен қоштасты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, өңірдегі төтенше жағдайды реттеу үшін құрылған комиссияны басқарып  барған вице-премьер Бердібек Сапарбаевты сол облысқа әкім қылып тағайындады. Бүгін өткен Үкімет отырысынан соң журналистерге берген сұқбатында, су жаңа әкім Қордайдағы мәселені шешуге екі қолын сыбана кіріскенін мәлімдеді. Еске сала кетейік, ақпанның 7-і күні Қордай ауданының Масаншы ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Қақтығыс салдарынан 10 адам қайтыс болды. 140 адам жарақат алды. Тәртіпсіздіктер  Қордай, Ауқатты, Сортобе ауылдарында да орын алған еді.

Жамбыл облысының  Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін, өңірде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғаны мәлім.  Ауданның төрт бірде ауылында жаппай тәртіпсіздік орнады. Қазақ-дүнген ұлты азаматтары арасында орын алған теке-тірес соңы, үлкен дауға айналып, кісі өліміне әкеп соқты. Бұл жағдайды үлкен қасірет деп бағалады сарапшылар. Қақтығыс барысында 10 адам қаза болды. Дүнгендер орныққан ауылдардан жаппай көрші қырғыз еліне өтіп кеткенді. Қазір  сегіз мың адам Қазақстанға қайта оралды. Өңірде жағдай тұрақталып, өртенген, қираған ғимараттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Бердібек Сапарбаев – жамбыл облысының әкімі; «Көптеген үйлер, ғимараттар қирады. Өрт болды.. Сондықтан өңірде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Енді оны бірігіп ретке келтіру керек. Бұл  әлеуметтік сипаттағы емес техногендік сипаттағы төтенше жағдай болып табылады. Қираған үйлерді, сауда орындарын, жолдарды жөндеу керек, көшелерді тазалау қажет. Ал қаза болғандардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетіледі»

Осымен Сапарбаев бесінші облысқа әкім болып отыр. Бір байқанымыз  Бердібек Сапарбаев жағдай ушыққан өңірлерге әкім болып барады. Әлеуметтік жағдай ушықса да, әйелдер көтерілсе де Сапарбаев жүреді. Бір сөзбен айтқанда төтеншеліктердің қызметін атқаратын әкім сияқты. Ат үстінен түспейтін әкімге енді Қорадйдағы қақтығыстың салдарын жоюға тура келеді.

Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, Қордайда  мектептер мен  балабақшлар бұрынғыдай жұмыс істеп жатыр. Сауда дүкендері де жұмысын бастаған . Әкім өзі басқарып жатқан комиссия өртенген үйлерді, сауда нысандарын тексеріп жатыр дейді. Олардың нақты саны, келген шығын анықталады. Жаңа әкім қақтығыс орын алған барлық  ауылдың халқымен кездескенін айтады. Жаппай тәртіпсіздік бойынша қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі күні ұсталғандар саны 25 адамды құрап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.