Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қордай ісі

c 20:29, 19/02/2020 c 357

0:00 / 0:00

Қордайдағы қазақ-дүнген арасында туындаған жаппай тәртіпсіздік бойынша 90 қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтың мәлімдеуінше, онда бірнеше эпизод бойынша іс тергеліп жатыр.  Әзірге министрлік нақты қанша адамды қамауға алғандарын ашып айтпай отыр. Еске сала кетейік, ақпанның 7-ні күні  Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік белең алып, салдарынан 11 адам қаза болды, 185 адам түрлі дене жарақатын алды. 39 тұрғын үй мен 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік отқа оранып, жарамсыз болып қалды.

130-ға жуық ұлт өкілдері тұратын қазақ елі татулық пен бейбітшілікте өмір сүріп жатқаны мәлім. Алайда, Жамбыл облысының Қордай аууданындағы дүнген ұлты көп шоғырланған ауылдарда шу шықты. Қазақ-дүнген қақатығыс орын алды. Бір-екі күннің ішінде жаппай тәртіпсіздік орнап, бүкіл ел дүрлікті. Даудың басы екі ұлт өкілдері арасындағы келіспеушіліктен, қол жұмсаудан басталып,аяғы қару қолдануға жалғасты. Билік бірден комиссия құрып, жағдайды басуға тырысты. Тіпті облыс, аудан әкімдері жылы орындарымен қоштасты. Қазір Қордайдағы жан-жалдан соң Жамбыл облысын Бердібек Сапарбаев басқарып жатыр. Жаңа әкім өңірді қалпына келтіру жұмыстарын қолға алған. Әу баста, бұл қақтығыстан соң 45 адам қамауға алынды, олан кейін 25 адам  деген ақпарат тарағанды. Енді ішкі істер министрінің орынбасары нақты осы тәртіпсіздік бойынша қанша адам қамалғанын айтудан қашқақтап отыр.

Марат Қожаев – ҚР ішкі істер вице-министрі; «Оның ішінде арандатушылық та бар. Толық ақпаратты кейін береміз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жақын арада қанша адам ұсталғаны туралы ақпарат береміз.Кейін айтамыз».

Жалпы Қордай қақтығысына қатысты әртүрлі эпизод  бойынша 90 қылмыстық іс тіркелген.

Марат Қожаев – ҚР ішкі істер вице-министрі; «Өте көп қылмыстық іс тіркеліп отыр. Оған қоса күнделікті тағы істер қосылып жатыр. 11 факті кісі өліміне қатысты. Жаппай тәртіпсіздік, ұрлық-қарлық, қарақшылық істері де бар. Әртүрлі эпизод бойынша жалпы 90 қылмыстық іс бар».

Бүгінгі күні Қордай ісі бойынша 100-ден аса адамнан жауап алынған. Вице-министр тергеу екі айға созылады деп отыр. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқаны анықталды. Қордайдағы қақтығыста 11 адам ажал құшты. 200-ге жуық адам түрлі дене жарақатын алды. 39 тұрғын үй мен 20 нысан және 47 автокөлік өртенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.