Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

c 17:51, 15/02/2021 c 450

0:00 / 0:00

Әбішова Әдемі 4 балалы, жалғысбасты ана. Жолдасы жол апатынан қаза тауып, жесір қалған. Содан бері тағдыр тауқыметін тартып, бүлдіршіндерін жалғыз өзі асырып келеді. Оның жағдайын естіген Оралдық еріктілер дереу көмек көрсетіп, осы кезге дейін хал-жағдайын біліп отырған.
Баспанаға мұқтаж жандарға "Харекет" қоғамдық қорымен ел болып қомақты қаржы жиналды. Нәтижесінде Подстепной ауылынан екі бөлмелі үй алынды. 4 баланың анасы Әдемі ханымға «Харекет» қоры жаңа баспаның кілтін табыстады. Қор жұмысы «1000 теңгеге баспана» ұранымен бастау алып, мұқтаж жандарға үй-жай сыйлап келеді. Осы кезге дейін еліміз бойынша 410 үй табысталыпты.
БҚО бойынша беріліп жатқан 16-шы үй жалғызбасты ана Әдемі ханымға бұйырды. 4 баланы бір өзі тәрбиелеп отырған ана қазіргі таңда жұмыссыз. "Харекет" қоры игі іске осы кезге дейін қолғабыс еткен еріктілерге өз алғасын білдірді. Алдағы уақытта, “Харекет” қайырымдылық қоры мен еріктілер өзге де баспанаға мұқтаждарға көмектесетіндігін жеткізді. Тек ол үшін қайырымды жандар бірге жұмылып, сауабы мол ілкімді іске бірлесе атсалысуы керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.