Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көп күттіретін көлік

c 17:48, 21/08/2019 c 595

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы телецентр аумағында орналасқан саяжай тұрғындары №27 қоғамдық көліктің уақытылы қатынамайтынына наразы. Саяжайлықтардың сөзінше 15 сәуір мен 15-ші қазан аралығында ғана қатынайтын автобустардың орнына бүгінде газелдер жүр. Аталған жағдайды салаға жауапты мамандар да жоққа шығармайды. 6 ай ғана саяжайлықтарғы қызмет көрсететін №27 маршрут «ПАП №1» ЖШС-нің баланысында. Бірнеше жылдан бері осы ауданнның халқына қызмет көрсетіп келе жатқан аутотұрақ аталмыш мәселенің шешімін табар емес. Аялдамада сағаттап сарылып автобус күткен тұрғындар наразылықтарын былайша жеткізді.Негізінен қаладан таяқ тастам жерде орналасқан саяжайға сиымдылығы кең пазик автобустары қатынауы тиіс. Өйткені уақыт өткен сайын бау-бақша серіктестіктеріне қоныстанушылар қатары күрт көбейіп, қатынас құралына сұраныс артқан. Алайда қоғамдық көлік жүргізушілері тасымалда халықтың қарасы аз дейді.Уақытша болса да, өртеніп тұрған өзекті мәселенің өздігінен шешілмесі анық. Жолаушылардың арқасында жұмысын жүргізіп отырған тасымалдаушы мекеме халыққа мінсіз қызмет көрсетуге тиісті емес пе? Осы орайда аталған салаға жауапты мекеменің есігін қақтық. Сөйтсек, тұрғындар сөзінің жаны бар екен. Саяжайлықтарға келісім бойынша тек ғана көлемді автобустар қызмет көрсетуі тиіс. Серіктестікке тез арада бұл мәселені шешуге тапсырма беріліпті. Қоғамдық көліктер қызметінің сапасын арттыру үшін жыл сайын қазынадан қыруар қаражат бөлінеді. Мәселен, биыл аталған салаға 191 млн. теңге бөлінген. Яғни барлық тасымалдаушы кәсіпорындар қажетті субсидияға қол жеткізіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.