Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көп балалы ана баспаналы болды

c 10:56, 20/02/2018 c 904

0:00 / 0:00

Көп балалы ана баспаналы болды. Балалар үйінің түлегі Екатерина Скворцоваға ат-жөнін құпия сақтауды сұраған қайырымды жан 3 бөлмелі пəтерді сыйға тартты. 6 баланың анасы бұл жағдайға əлі сене алар. Өңім бе, əлде түсім бе деп қуаныштан еріксіз көзіне жас алды. Осыған дейін тас жолға 3 шақырым қашықтықтағы саяжайда тар бөлмеде күн көріп келген отбасы қазір көшудің қамымен жүр. Қайырымдылық жасаған РФ-ның азаматшасы болып шықты. Ол 6 млн.теңгеге Подстепное ауылынан үйді таңдап жүріп алғызған. Іші жөнделген, жуынатын бөлмесі мен əжетханасы бар болуын талап еткен. Өзі 4 баланың анасы көрінеді. Ал үйді сатқан адам Екатеринаға жұмсақ жиһаздар мен ас үй жиһаздарын, кір жуатын автомат машинкесін тегін қалдырып, балаларға ойыншықтар əкеліп беріпті. Скворцова қазір балабақшаға кезек, емханаға тіркелу жұмыстарын қолға алып жатыр

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.