Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

120 пәтерлік үй пайдалануға берілді

c 13:02, 04/12/2018 c 722

0:00 / 0:00

1 желтоқсан тұңғыш Президент күнінде ең үлкен қуаныш Орал қаласындағы соңғы жылдары пайда болған «Көктем» шағынауданында болды. Мұнда 120 пәтерлік жаңа үй пайдалануға берілді. Құрылыс құны 1 млрд теңгеге бағаланған жаңа үйдің құрылысын «ЖайықСелСтрой» ЖШС бір жылдан аса уақыт ішінде аяқтаған. Бұл жерде 6-7 жыл бұрын бос жатқан дала болатын. Қазір қараңыз жағдай мүлде бөлек, адам айтса нанғысыз.  Осы біз айтып отырған орында тұрғын үйлер бой көтеріп, мектеп салынып, халықтың тұрмыс тіршілігі үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалған.  Тұңғыш Президент күні қарсаңында  бұл жерде 120 отбасы қоныс тойын тойлады. Зашаған кентіндегі 9 қабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Тәуелсіздік күніне орай Оралда жаңа мектеп, тағы да көпқабатты тұрғынүйлер пайдалануға беріледі, - деген өңір басшысы пәтер иелеріне жаңа баспана тек жақсылықтың, бақ пен берекенің ұясы болуын тіледі. Жалпы биыл шаһарда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 11 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға биыл жалпы саны 1506 пәтерлік 13 көп қабатты үй тапсырылуы тиіс. Үйдің ауласы абаттандырылып, жолдарға асфальт төселген, балалардың ойын алаңдары жасақталған. Ішкі әрлеу жұмыстары да баспаналы болғандардың көңілінен шықты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.