Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоқысқа көмілген қала!

c 17:53, 21/08/2019 c 652

0:00 / 0:00

БҚО қарасты Ақсай қаласы жаз маусымы басталғалы бері қоқыстан жөнді тазартылмаған. Бір ай бұрын әкімдікпен шартқа тұрған комуналдық мекеме өкілдері үш ай жиналған үйіндіні тасып үлгермей жатыр. Тазалықшылар қарауындағы қызметкерлер санын көбейтейін десе, тұрғындары ауқатты тұратын қалада ешкім мұндай жұмыс істегісі келмейді. Енді жергілікті әкімдіктегілер тұрғындарды жаппай сенбілік жасауға атсалысуға шақырып жатыр. Бюджеті бай, тұрғындары ауқатты моноқаланың бүгінгі сиқы осы. Көшелері үйілген қоқыстан аяқ алып жүргісіз. Тұрғындар күлімсі иістен тұншығып, шашылған қоқыстан қалай құтыларларын білмей шарасыз отыр.  Әкімдікпен бір ай бұрын ғана келісімге отырған коммуналдық компания өкілдері көң басқан қаланы қоқыстан тазартып үлгере алар емес. Себебі, жұмыс күші аз. Қосымша қызметкерлер алуға мекемеде тұрғындардың жұмыс істегісі жоқ. Шенеуніктер де қаланы тазартуға қауқарсыз екендерін мойындайды. Олар енді елден көмек сұрап отыр. Әкімдіктегілер жедел арада асарлатып, жаппай сенбілікке шықпасақ қаланы қоқыс басып қалады ма деген қорқыныштарын жасырмады. Бұған дейін қала тазалығына жауапты коммуналдық мекеме бірнеше мәрте ауысқан. Оның үстіне бірер жыл бұрын шаһардағы қоқыс контейнерлері толықтай евро үлгідегі пластикалық бұйымға алмастырылған. Оған 50 млн. теңге жұмсалған. Аталған контейнерлердің аузы тар болуына байланысты ауыр салмақтағы тұрмыстық қалдықтардың қаптары сыймайтын көрінеді. Енді олар қайтадан бұрынғы металл контейнерлерге ауыстырылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.