Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көк шаңнан көз ашпаған

c 17:36, 03/07/2018 c 935

0:00 / 0:00

Көк шаңнан көз ашпайтын болдық! Орал қаласының Кердері көшесінің тұрғындары телеарнамызға осындай шағымдарын жеткізіп отыр. Қатты жамылғы төселмеген көше жолында шаң-тозаңның көтерілуінің басты себебі-қоғамдық көліктердің жүру сұлбасының өзгеруі. Айта кетейік, жөндеуге байланысты бірнеше көше жабылып, автобустар аталмыш жолмен қатынай бастаған болатын. Мазалары қашқан тұрғындар жиі қозғалыстан көтерілген көк шаңды басу үшін ең болмаса бір уақыт су сеуіп шықса деген өтініштерін білдіріп отыр.

Тұрғындар ауада тұнған шаңның кесірінен үйіміздің терезесін ашудан қалдық деп шағымданып отыр. Себебі автобустар өткен соң асфальтсыз көшенің шаңы көкке көтеріліп, жол бойындағы адамды көміп кетеді екен.
Кердері көшесі тұрғындарына қолайсыздық туғызған көлік қозғалысының жиілеуі болып тұр. Бұның бәрі Құрманғазы көшесінің жөндеуге жабылуына байланысты болып отыр. Жолаушы көлігі және авто көлік жолдары бөлімінің хабарлауынша, жұмыстар аяқталуға таяп қалған. Ал Кердері көшесінің жобалық-сметалық құжаттары жасақталыпты.
Мамандар тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.