Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық көліктердің кестесіне өзгерістер енді

c 17:38, 01/04/2020 c 503

0:00 / 0:00

Карантинге байланысты Орал қаласында қатынайтын қоғамдық көліктердің кестесі өзгеріске ұшырады. Енді жаңа ережеге сәйкес автобустар таңғы 6-дан бастап, кешкі 7-ге дейін жолаушыларды тасымалдайтын болады. Жолаушылардың саны азайғандықтар маршруттарды 15 минуттан 30 минутқа дейін күтуге тура келеді. Қоғамдық көліктерден өзге жұмысқа баратын азаматтар қалада тіркелген 4 такси паркінің қызметін қолдана алады.

Вирустың өңір пен қала аумағында таралмасы үшін Батыс Қазақстан облысы бас санитарлық дәрігерінің арнайы қаулысына сәйкес карантин енгізілді. Бұл шара көптеген саланы қамтып отыр. Азаматтар емін-еркін көше кезіп, балаларын аулада ойната алмайды. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік заңнамасы бойынша жауапқа тартылады. Сондай-ақ, карантинге байланысты қоғамдық көліктердің кестесіне де біршама өзгерістер енді. Мәселен, енді қоғамдық көліктер таңғы 6-дан бастап, кешкі 7-ге дейін азаматтарды тасымалдайтын болады. Автобустың ішінде жолаушылардың саны 40 пайыздан аспауы шарт. Жұмысқа баратын азаматтар қалада тіркелген төрт таксидің қызметіне жүгіне алады. Такси жүргізушілері барлық санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.

"Орал-Шыңғырлау", "Орал-Озинки" бағытында қатынайтын отарбаның байланысы тоқтады.

Сала мамандары вирустың таралып, өзініңіз бен жақындарыңыздың өмірін қатерге тікпеу үшін карантин талаптарын сақтап, үйде қалуға кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.