Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кент көрінісі

c 17:45, 03/08/2020 c 517

0:00 / 0:00

Зашаган кенттік округіндегі жоспарлы абаттандыру жұмыстары қазан айына дейін толықтай аяқталады. Бұл туралы кент әкімдігінің қызметкерлері мәлімдеп отыр. Сонымен қатар 25 Чапаев дивизия көшесіндегі көп пәтерлі баспанада жүріп жатырған жаңғырту жұмыстары да көп ұзамай аяқталады деп жоспарланып отыр. "Жазира аялдамасының аумағында тұрамыз. Жеке секторға көңіл бөлінбейді. Жол жоқ, қатынау қиын",- деп уәжін айтқан көп балалы ана өзі тұратын көшеге де тиісті жұмыстардың жасалғанын қалайды.Кенттің өз бюджеті болуы себепті қазір көңіл көншітетін жұмыстар атқарылуда. Мәселен, бұл аулада осы уақытқа дейін балалар ойын алаңы болмаған, сәйкесінше аулада аббаттандыру шаралары жүргізілмеген.Ауласы абаттандырылған тұрғынжайда тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясындағы жөндеу шаралары мамыр айында қолға алынған. Толықтай кәріз жүйелері ауыстырылған. Бүгінде үй шатыры жаңғыртылуда. Нысанның құрылыс жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталады деп күтілуде.Сонымен қатар биыл Мөңкеұлы көшесінде 115 дана евро үлгідегі қоқыс контейнері қойылса, Арман және Сарытау шағын ауданында балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына арналған кешен алдағы күндері пайдалаунға берілетін болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.