Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанға ресей вакцинасы  қажет пе?

c 09:40, 21/12/2020 c 628

0:00 / 0:00

Қазақстан үш мың еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі. Бұл жайында  Премьер-Министрі Асқар Маминнің  Жамбыл облысына сапарында мәлім болды. Үкімет басшысы облыстағы  Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына барды. Қазір бұл институтта отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазалары  жүргізілді. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін 96% деңгейінде екенін көрсетіп отыр. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге вакцина егуге кірісеміз деп отыр.

Білім министрлігіне қарасты  Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты  жабық зерттеу мекемесі болып табылады. Жамбыл облысындағы әскери аймақта орналасқан. Бұл жерде аса қауіпті инфекцияларды, вирустарды зерттейді. Қазір бұл институтта отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазалары  жүргізілді. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігі, иммуногенділігі және тиімділігі 96% деңгейінде екенін көрсетіп отыр. Бұл вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мақұлданған. Институт мамандарының айтуынша,  алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында осы вацинамен егілген. Ал осы жылдың  желтоқсан айының соңына дейін үш мың ерікті егілмек.

Ал қазақстандықтарды отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады деп күтілуде. Ең алдымен  медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады. Жамбыл облысына сапарында Премьер-Министр Асқар Мамин вакцина шығаратын биофармацевтика зауытының құрылысымен танысты.  Зауыт алдағы жылдың  наурыз айында пайдалануға берілмек. Өндірістің қуаты жылына 60 млн дозаны құрайды.Не керек, коронавирусқа қарсы  қазақстандық вакцина ресейлік вакцинаға қарағанда әлдейқайда сапалы деген пікір а йтуда сарапшылар. Олай болса, неге Қазақстан көрші Ресейден 2 миллион дозалық ресейлік ваукцинасын сатып алып жатыр деген сұрақ туындайды. Оның үстіне ресейлік екпеде жүкті әйелдерге қолдануға болмайтын  қарсы көрсеткіштер бар. Ал қазақстандық вакцинаның нәтжесі сәтті болып отыр. Сондай-ақ,вакцина құрамында  Ресейдікі сияқты қандай да бір қарсы көрсеткіштер жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.