0:00 / 0:00
12 қазаннан бастап қаржы өнімдерін басқаруға қатысты жаңартылған талаптар күшіне енеді. Енді несие рәсімдеген қазақстандықтар 14 күн ішінде қаржы ұйымына тиісті өтініш беру арқылы айыппұлдар мен өсімпұлдарсыз қарыздан бас тарта алады. лайда бұл жағдайда қарыз алушы алған қаражатын қайтаруға, сондай-ақ келісімшарт жасалған күннен бастап ақшаны пайдаланған мерзім үшін есептелген сыйақыны төлеуге міндетті. Айта кетейік, бұл талаптар кепілсіз қарыздарға, яғни тұтынушылық несиелерге, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан алынатын ақшалай қарыздарға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді сатып алуға берілетін несиелерге қатысты. Бұдан былай банктер мен микроқаржы ұйымдары клиентке несие ұсынбас бұрын оның қаржылық мүмкіндіктерін, шығындарын және несие алуға байланысты тәуекелдерді бағалауы тиіс.










