Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН ҮШ АЗАМАТ ЕЛГЕ ЭКСТРАДИЦИЯЛАНДЫ

c 06:49, 10/10 c 1

0:00 / 0:00

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген үш азаматты экстрадициялады. Олар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге жеткізілді. Бұған дейін Қазақстан Бас прокуратурасының делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі 15-конгресіне қатысқан. Сапар барысында екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл және іздеудегі адамдарды экстрадициялау мәселелері талқыланған. Бас прокуратураның мәліметінше, экстрадициялау жұмысына Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметі және Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі атсалысқан. Экстрадицияланғандардың бірі 2019-2020 жылдары Астанада халықаралық орталық салуға жер телімін алып беруге көмектесеміз деп, азаматтың 368 мың АҚШ долларын иемденді деген күдікке ілінген. Екінші азаматқа Алматыда адамға қасақана ауыр зиян келтіру, тонау және бұзақылық жасады деген айып тағылған. Тергеу дерегінше, 2021 жылы ол топпен бірге азаматқа шабуыл жасап, ауыр жарақат келтіріп, 100 мың теңгеден астам мүлкін ашық түрде алып кеткен. Үшінші күдікті биыл жазда Астанада Қытай азаматының 24 мың 200 АҚШ долларын жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл сома аса ірі мөлшерге жатады. Қылмыс жасағаннан кейін үш азамат та қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейін олардың БАӘ аумағында жүргені анықталған. Қазір үшеуі де тергеу изоляторына қамалды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қайта жалғастырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.