Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстандықтар Қытайдан қайтпай жатыр

c 17:45, 11/02/2020 c 493

0:00 / 0:00

Әлемді дүрліктіріп отырған коронавирустан  Қытайда  908 адам көз жұмды. Аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты, деп хабарлап отыр  Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті. Ал бүгін көрші Қытайдан 217 қазақстандық елге жеткізілді. Ертең тағы 155 азаматымыз оралады. Алайда, қауіпті індеттің етек жайып отырғанына қарамастан Қытайдан Қазақстанға қайтудан бас тартып жатқандар да бар.

Қытайлық дәрігерлер әлемді алаңдатып отырған вирустың жаңа түрі-короновирустың жарқанаттан жұққанын мәлімдегенді. Бүгінде Қытай үкіметі адамдардың өмірін қиып жатқан індетті жою үшін  11 миллионнан астам тұрғыны бар Ухань қаласын жапты.Себебі індет осы қаладан бастау алғанды.  Қазір қалаға көлік жүрмейді, ұшақтар ұшпайды, кемелер қатынамайды. Індет жайлаған көрші елден қазақстандықтарды елег жеткізу жұмысы жалғасуда. Сейсенбінің таңында елімізге 217 жерлесімізді жеткізді.

Қытайдан әкелінген азаматтар бірден медициналық бақылауға алынып, 14 күнге оқшауланады. Ертең тағы 155 Қазақстан азаматы оралады. Алайда, қауіпті вирустың кең етек жайып отырғанына қарамастан, Қытайдан елге қайтудан бас тартып жатқандар да бар. Олардың саны 343 адамды құрайды.

Айбек Смадияров – ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы; «Тағы да жүздеген қазақстандық қытайда өз еркімен қалып жатыр. Олар елшілік қызметкерлері мен отбасы мүшелері, студенттер, қытайда жұмыс істейтін азаматтар»

Бүгінгі күні короновирустан Қытайда  908 адам көз жұмды. Аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.