Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанда ҰБТ-2021 жалғасуда

c 18:20, 26/01/2021 c 547

0:00 / 0:00

Елімізде 20 қаңтар мен 5 ақпан аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Ал БҚО-да қазір үшінші лек бойынша 273 талапкер осы сынақтан өтіп жатыр. Осыған дейінгі екі күннің қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 50 баллды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Аймақта талапкерлер арасында заң бұзушылық анықталмапты. Жалпы, елімізде ҰБТ-ны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр. Олар 11 сынып оқушылары және өткен жылы тестілеу нәтижелері жойылған талапкерлер мен шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқа мамандыққа ауысқысы келетін студенттер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.