Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚазАгро» құрамы қысқарады

c 19:52, 26/09/2019 c 608

0:00 / 0:00

«ҚазАгро» ұлттық холдингінде қысқарту болады. 1 мыңнан астам қызметкері қысқарып, компанияның ешілес үш кәсіпорны жабылады.Бұл жайында Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров бүгін өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында айтты. Депутаттар өз кезегінде «ҚазАгро» холдингіне құйылған млрдтар қазынаға қайтпай жатыр деп даурықты.  Ал үш жыл бұрын 60 мың тонна ет экспорттаймыз деген «ҚазАгроның»  жобасы арман болып қалды дейді сенаторлар.

Реформаның көкесі «ҚазАгро холдингінен» басталмақ. Өздеріңізге мәлім, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиімсіз ұлттық компанияларды қысқартуды тапсырған болатын. Соның ішінде ҚазАгро  компаниясына қатысты сыни пікірлер соңғы кезде көбейіп кетті. Осы холдингтің қолға алған жобалары аяқсыз қалып, млрдттар далаға кетіп жатыр деген сындар бар. Өткен жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бөлінген 450 миллиард теңге  "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингіне инвестиция ретінде салынған болатын . Алайда, сарапшылар, комапняиға кеткен бұл ақша қайтпай қалуы мүмкін деп дабыл қағуда. Зейнетақы қорының қаржысы 10 пайыздық мөлшерлемемен 15 жылға қарызға берілгенді. Алайда "ҚазАгроның" шығыны табысынан әлдеқайда көп болып отыр. Компания акцияларынан келетін табыс та, кредиттік мекемелерден келетін түсім де бір жыл ішінде 3 есе азайған. Зейнетақы қорының ақшасы далаға кетпей ме деген сауалға министр дайны боламыд ма, әлде хабары жоқ па...

Ал 2016 жылы 60 мың тонна қарама малдың етін экспорттаймыз деген  жоба да аяқсыз қалып отыр.Сол кезде министрлік «ҚазАгро» ҰХ арқылы 2020 жылы ет экспорттау әлеуетін 180 мың тоннаға жеткіземіз деген таудай уәде берген болатын.

Арман болған 60 мың тонна министр Омаровтың күлкісін келтірді.

Ауыл шаруашылық министр «ҚазАгро» ұлттық холдингінің жеті еншілес компаниясы болса, соның үшеуін жауып, 1 мыңнан астам қызметкерді қысқартамыз деп отыр. Нәтижесінде 3,2 млрд теңге үнемделмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.