Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпсіздік ережесін сақтау қажет

c 16:14, 04/05/2020 c 615

0:00 / 0:00

Күн райы жылынған кезде табиғат аясына барып, отбасылық демалыс ұйымдастыратын жандар бар. Бірақ қазіргі жағдайда вирус таралмасы үшін карантин талаптарын бұзуға болмайды. Бұрынғы әдетке басып, табиғат аясында демалыс ұйымдастырған жандарды құрықтау үшін төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері бірлесе рейд шарасын ұйымдастырыпты. Шара барысында орман алқабында өрт жағып, қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Демалыс күндері орманда қауіпсіздік ережесі мен карантин талаптарын бұзған жандарды анықтау мақсатында төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері арнайы рейд шарасын ұйымдастырды. Оның нәтижесінде 2 адам орманда өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылыпты. Сала мамандары жалпы карантин талаптарын 800-ден астам адамның бұзғандығын айтады.

Жалпы 2020 жылы Орал қаласында 68 өрт оқиғасы тіркелген. Сала мамандары қызыл жалынның зардабынан биыл екі адам қаза тауып, 5 азамат түрлі жарақат алды,-дейді. Тұрғын үй секторында қауіпсіздік ережесін сақтамаудан қызыл жалын тұтанса, орман алқаптарында от жағудың салдарынан өрт тіркеліп отыр.

Сала мамандары орман алқаптарында өрт болмасы үшін рейд шараларын келешекте де жалғастырмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.