Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қатерлі балмұздақ

c 18:09, 04/06/2018 c 1825

Орал қаласында балмұздақтан ішек ауруын тудыратын инфекция табылды. Сала мамандары қала аумағында балмұздақ өнімдерін саудалайтын 17 нысанды кезектен тыс тексерістен өткізген. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тексерістен өткен сауда нысандарының екеуінде адам ағзасына қауіпті инфекция анықталған. Эпидемиологтардың сөзінше, балмұздақтардан ішек ауруын тудыратын инфекцияның орын алуы қарапайым санитарлық нормалардың сақтамалмауы, ыдыс пен арнайы құрылғының жуылмауынан да болуы мүмкін,-дейді. Қазіргі таңда, санитарлық нормаларды өрескел бұзған кәсіпкерлерге қатысты іс қозғалыпты. Естеріңізге сала кетейік, өткен наурыз айының аяғында балмұздақ жеген 150-ден астам Шымкенттік астан уланғаны мәлім. Науқас азаматтардың он сегізінде сальманелез дерті анықталып еді. Тіпті, Шымкенттік мамандар балмұздақ саудалаған сатушыларда сальмонеллез дертіне шалдыққан деп күдіктенген болатын. Аталмыш жағдай қайталанбас үшін жазғы мезгілде балмұздақ сатып, кәсібін дөңгелентіп отырған бизнесмендер қарапайым санитарлық нормаларды сақтап, сатушылар медициналық тексерістен өтуі қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.