Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қатаң шектеу шаралары енгізіледі

c 17:24, 14/01/2022 c 1593

0:00 / 0:00

БҚО-да коронавирустың таралу қарқыны 85% өскен. Және облыс ауру таралу көресткіші бойынша "қызыл" аймақтар қатарына енді. Енді өңірде карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі.Аймақта жағдай өте күрделі. Бүгіннен бастап бұл өңір де "қызыл" аймаққа өтті. Эпидемиологтардың дерегінше, соңғы аптаның өзінде ковид індетінің таралу қарқыны 85 пайызға өсіпті. Енді оқушыларының саны 600-ден асатын мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Ал жоғары оқу орындары мен колледждерде лекциялар онлайн форматта өткізіледі. Облыстағы кәсіпорындар қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс жасауға жіберуі тиіс. Сонымен қатар той-томалақтар мен концерт-жиындар өткізуге, ғибадатханаларда көпшіліктің мінәжат жасауына қатаң тыйым салынды. Қауіпті дерттің құрсауынан шығудың жалғыз тәсілі-вакцинациялау. Ел аумағында енгізілген жаңа қаулыға сәйкес енді Пфайзер вакцинасын 60-жастан асқандар мен медициналық қызметкерлерге егуге рұқсат берілді. Қазір ел аумағында ревакцинациялау шарасы жүзеге асырылуда.
Екпе кабинеттері демалыс күнері де жұмыс жасайды. Ал қажетті препараттар толықтай өңірге жеткізілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.