Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлік сабағы оқытылады

c 17:58, 19/08/2019 c 1655

0:00 / 0:00

«Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін әзірлеу жұмысының жобасын 2014 жылы бастаған болатын. Жобаға ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ҰКП бірлесе атсалысты. Үш жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының 10-11 сынып оқушылары оқып келсе, биылдан бастап өңіріміздің 78 білім ошағы аталмыш пәнді оқытуға кіріспек. Аптасына екі рет оқытылатын пәнді жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына таңдау пәні есебінде оқыту жоспарланған.

"Бұл пәнде тек қана экономика негіздері ғана емес, менеджмент, маркетинг, бизнес, кәсіпкерлік пәндері тереңдетіліп оқытылады. Мұндағы басты мақсат- кәсіпкерлік ойлауды мектеп қабырғасынан бастап дамыту. "Кез келген өнімнің қалай өңделетіндігі, сатылу бағасы мен тауар құнын есептеуді ауылдық ортада өскен бала білу қажет. Қазіргі таңда жастар ғаламтор мүмкіндіктерін кең ауқымда қолданады. Әлеуметтік желі арқылы өздері ұнататын кәсіпкерлер мен танымал тұлғалар әрдайым жастардың назарында",- деді ұйымдастырушылар.

Егер осы уақытқа дейін «экономика негіздері» факультатив сабақ ретінде оқытылса, енді жаңа бағдарламаның шеңберінде екпін кәсіпкерлікке түседі. Пән арқылы мектеп оқушыларына өмірлік қажетті және тәжірибелік маңызы бар білімді тиімді жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.