Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлер жұмыс жасауға рұқсат сұрап отыр

c 16:00, 26/05/2020 c 577

0:00 / 0:00

Жұқпалы кеселдің таралуына байланысты наурызда өз жұмысын тоқтатқан оралдық сауда үйлерінің сатушылары жұмыс жасауға рұқсат сұрап отыр. Кәсіпкерлердің баршасы қалалық санитарлық дәрігерге барып, маманды сұрақ астына алды. Бизнес субъектілері нысандарымызда барлық талап сақталған, жұмыс жасауға дайынбыз дегенді айтады. Қаланың бас санитарлық дәрігері 3 күннің ішінде мониторинг жүргізуге уәде берді.

Оралдық киім саудалайтын сауда үйлерінің өкілдері жұмыс жасауға рұқсат сұрап отыр. Кәсіпкерлер 2 ай бұрын жұмыстарын тоқтатқандығын айтып, сатушыларына жалақы төлей алмай, несиесін жабуға қаражат таппай қалғандарын айтады.

Кәсіпкерлер ірі сауда нысандарының неліктен іске қосылмай отырғандығын білмей дал. Олар шағын дүкендерде кезек көп, олардың аумағы да кішкентай екендігін алға тартып отыр.

Кәсіпкерлердің арыз-шағымын тыңдаған қаланың бас санитарлық дәрігері алдағы үш күнде шағымданған бизнесмендердің нысандарын тексеріп, мониторинг жүргізетіндігін айтты. Олар үш күннің ішінде сауда үйлерін тексеріп шықпақ. Мамандар кәсіпкерге нысандарда барлық санитарлық талаптың сақталу керектігін айтып отыр.

Қалалық санитарлық дәрігерге келіп, талап-тілектерін білдірген кәсіпкерлерде тексеріс кезінде 3-4 бизнес субъектісі болуы керек,- дейді мамандар. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының он тоғызынан бастап коронавирус инфекциясының таралмасы үшін азық-түлік емес базарлар мен сауда үйлері өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.