Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Қариялы ел- қазыналы ел"

c 17:16, 13/10/2020 c 779

0:00 / 0:00

1990 жылы 1 қазан халықаралық қарттар күні болып белгіленді. Содан бері аталмыш атаулы мереке жыл сайын әр елде әрқалай тойланып келеді. Шаһар әкімдігі дәстүрден аттамай мерекелік шара ұйымдастырып берді. "Қариялы ел- қазыналы ел" деп аталған ілкімді шараға көне көз егде жандар, еріктілер және Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.
Шара барысында шаһар басшылығы қарттар үйіне сусын құятын Торсықтың макетін табыстады. Жалпы орталықтың негізі 1945 жылы қаланды. Бүгінде 489 адамға түрлі әлеуметтік және медициналық көмек көрсетіп келеді.
Мерекелік көңіл күй сыйлаған кеш әсем әнмен жалғасты. Жалпы орталықта 66 жастан 96 жас аралағындағы қариялар тұрып жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсету орталығында ғұмырын бір жастықта өткізгісі келген жандар да кездеседі. Олардың саны 6. 3 отбасы қарттар үйіне жатқызылған.
Орал қаласында 37 ардагер, 9112 мүгедек жан, 4700 астам зейнеткер бар. Қарияларға ең бастысы- ел тыныштығы және бүгінгі ұрпақтың оларға бөлер шынайы көңілі қымбат екенін ұмытпайық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.