Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаратөбе ауданының әкімі есеп берді

c 09:39, 02/05/2022 c 1595

0:00 / 0:00

Өңірде әкімдердің халық алдында есебі жалғасуда. Өткен аптаның жұмасы күні Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан активі мен тұрғындар алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы орындалар жұмыс жоспарын таныстырып өтті. Аудан халқы өңір басшылары мен басқарма мамандарына толғандырған сауалдарын жолдап, жауаптарын алды. Әуелі бейнеролик көрсетіліп, жиынға қатысушылар Қаратөбе ауданының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен танысты. Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев өткен жылы ауданның әр саласында жүзеге асырылған жұмыстар жайында баяндама жасады.Мұхит пен Ғарифолла, Ескендірдей дара тұлғаларды тудырған қасиетті мекен тұрғындарының негізгі ата кәсібі-ауыл шарауашлығы саласы. Биыл өздеріңізге белгілі -ауданда ылғал мол. Сол себепті шарулар жетістігі көп жыл болатынынына нық сенімді. Айта кету қажет тасқын судан зардап шеккен шалғындықтарға мемлекет тарапынан қолдау болады. Шығын толықтай өтеліп, табиғи апаттың салдары жойылады. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары өздерінің үйлеріне оралған. Өз баяндамасында ауданда атқарылған жұмыстармен қатар алдағы уақытта жүзеге асырылар жобаларға тоқталған әкім көктемгі су тасқыны кезінде табиғи апатқа тап болған Шалғын ауылына арнайы келіп, тұрғындар жағдайын біліп, тұрғын үй мен мектеп салу мәселелері бойынша оң шешім қабылдағаны үшін өңір басшысына аудан халқы атынан алғысын білдірді. Аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиевтың айтуынша, жергілікті жерде шағын кәсіпкерлік саласын дамыту - жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджеттік қаржыларды толықтырумен қатар экономиканың одан әрі өсуінің және халықты жұмыспен қамтудың, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартудың негізіне айналып отыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 1014 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Есептік кезеңде жаңа 53 кәсіпкерлік субъектісі ашылды. Бұл салада 1 265 адам жұмыс жасайды.
Ауданда жерге қатысты мәселелер бар. Жерді алып, пайдаланбай отырғандар қарасы аз емес. Жалпы ауданда сәуір айынан бастап мониторинг топ өз жұмысын бастаған. Есептік кездесуде тұрғындарды толғандырған мәселеге басым бағыт берілді. Жиында жалпы әлеуметтік желілерден 8 сұрақ және 6 тұрғыннан жиырмаға жуық сауал мен ұсыныстар жолданды. Әлеуметтік желілер арқылы түскен «Ханкөл ауылына мектеп салына ма?», «Үшағаш ауылына медпункт салу жоспарда бар ма?» деген сынды сауалдар мен Ханкөл ауылынан Орал-Ақтөбе күре жолына қосатын жолдың салынуы, Сулыкөл ауылынан аудан орталығына қатынайтын 27 шақырым жолды ағымдағы жөндеу, Шөптікөл ауылына бұрылыстағы 2 шақырым жолдың құрылысы қай уақытта жүзеге асатындығы турасында қойылған сұрақтарға тиісті басқарма басшылары жауап қайтарды. Өз кезегінде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев пен облыстық мәслихат депутаты Жаңабек Жақсығалиев Саралжын округін ауданмен жалғайтын жолға былтыр ағымдағы жөндеу жүргізілгенімен айтарлықтай нәтиже болмағандығын тілге тиек етті. Халықпен жүздесу жиынында Аққозы, Саралжын ауылдық округтеріндегі ауыз су мәселесі, қала мен аудан арасына қатынайтын такси қызметі ақысының қымбаттығы, ауданда медицина мамандарының жетіспейтіндігі, былтыр пайдалануға берілген 67 үйдің құрылыс сапасына байланысты шағымдар сынды маңызды мәселелер көтеріліп, облыс басшысының назарына ұсынылды.Айтылған барлық мәселелерді мұқият тыңдаған Ғали Есқалиев халықты толғандырған сұрақтар назарда болатындығын еске салып, мүмкіншілігіне қарай шешу жолдары қарастырылатындығын атап өтті. Кездесу соңында азық-түлік тауарларының қымбатшылығына байланысты ойын білдірген облыс басшысы қазіргі геосаяси ахуалдың салдарынан бағаның көтеріліп тұрғандығын тілге тиек етіп, сары май, ет, сүт өнімдері мен көкөністерді жергілікті жерден өсіріп, табиғи өнімдерді барынша пайдаланып, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеуге шақырды.Қаратөбе ауданындағы есептік кездесуден кейін өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы мен бірқатар облыстық басқарма басшылары аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.