Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантинге тұншыққан бизнес

c 10:05, 08/04/2021 c 579

0:00 / 0:00

Қазақстандық бизнес карантин талаптарының әділетсіздігінен зардап шегуде. «Ақ жол» фракциясы  үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдап,  мониторингтік топтың жұмысын сынға алды. Бизнеске карантиндік тиым салудан бас тартып, оны ақылмен  реттеу  жүйесін енгізуді ұсынады. Cондай-ақ, ақжолдықтар шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерді кейінге шегерудің тиімсіз тұсын атады.

Қауіпті індетті жұқтырғандар саны артқан аймақ бірден қызыл түскн еніп, карантиндік шаралар қатаңдатылуда. Бұл бірінші кезекте бизнесті қинап отыр. Карантинге тұншыққан кәсіпкерліктердің табысы төмендеді. Індеттің таралуын азайту үшін қатаң шара, талап керек шығар. Бірақ сол талап баршаға бірдей қолданыламй отырғанын ел Президенті де айтқан болатын. Мониторингтік топтың тексерулері де таңдаулы түрде жүріп жатыр. Тісі батпайтын мейрамхана, сауда орындарына жоламайды, айыпұл салмайды. Сол шағын кәсіпкерлерді айналдырумен әлек дейді депутаттар. Дания Еспаева үкіметке жолдаған сауалында мониторингтік топтың жемқорлық әрекеттерге барып отырғанын айтты.

Дәния Еспаева – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Мониторингтік топтардың рейдтері мен салып жатқан айыппұлдары заң бұза отыра жүзеге асырылуда. Тіпті сыбайлас жемқорлық та бар. Біз бұл орайда, бизнеске карантиндік тиым салудан бас тартып, кәсіпкерліктің жұмысын   ақылға сыйымды түрде реттеуді ұсынамыз. Кәсіпкерлік кодексі бойынша, санитарлық нормалардың сақталуын санитарлық дәрігерлер тексеруі керек. Алайда, бизнесті мүлдем қатысы жоқ әкімдік, полиция, еріктілер тексеріп жатыр. Ал санитарлық дәрігерлер солардың хаттамасына сүйенеді».

Тіпті жергілікті  жерлерде жалған атты жамылған топтар шығып, кәсіпкерлерді алдап, қалталарын қағуда дейді депутат. Осыған орай, ақжолдықтар мониторингтік топтарды жоюды, немесе олардың құрамына құзырлы орган өклідерін қосуды талап етті.  Кәсіпкерлерді келушілердің заң бұзушылығы үшін  жазалауды тоқтатуды, сауда үйлері  мен қоғамдық тамақтану орындарының, қоғамдық көліктердің жұмысына қойылған уақыт шектеуін алып тастауды сұрады. Сондай-ақ.  "Ақ жол" фракциясы  шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерді кейінге шегерудің тиімсіз екенін айтады.  Депутат Азат Перуашев президенттің кәсіпкерлердің кредиттік төлемдерін кейінге шегеруге қатысты тапсырмасы дұрыс атқарылмай отыр дейді.  Қазіргі тәртіп бойынша төлемдер шегеріледі, бірақ кредиттің мерзімі ұзартылмайды. Содан кейінге шегерілген төлемдерді бір уақытта аударуға тура келетін айтады депутат.

Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты "Банктер жеңілдік мерзімі өткеннен кейін жиналған төлемдерді негізгі қарызға қосып қояды. Осылайша, қалған уақытта ай сайынғы төлемдер ұлғаяды. Кәсіпорындар онсыз да тығырыққа тіреліп отыр. Ал қызмет көрсету саласындағы табыстың көлемі бес-алты есеге азайған",

Ақ жол осыған қатысты 9 сауал жолдаған. Алайда, құзырлы органдар тарапынан нәтиже жоқ. Енді фракция үкіметке тағы депутаттық сауал жолдап, кредиттік келісімдердің мерзімін ұзартуды ұсынды. Сондай-ақ банктерге кейінге шегерілген төлемдерді негізгі қарызға қосуға тыйым салу қажет. Ол үшін жай кредиттік төлемдерді шегеріп қоймай, кәдімгідей "кредиттік каникул" жариялаған дұрыс, – деп атап көрсетті Перуашев өз сауалында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.