Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қарағандыда бір адам көз жұмды

c 19:40, 01/04/2020 c 503

0:00 / 0:00

Елімізде аты жаман қауіпті індеттен осымен үшінші адам қайтыс болды. Бүгін Қарағанды қаласында 62 жастағы ер адам коронавирустан көз жұмды.  Марқұм ауруханаға жатқызылғанда  жағдайы ауыр деп бағаланды Бұл жайында Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибігүл Төлегенова брифинг барысында хабарлады. Жалпы денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметі бойынша, республикада коронавирус жұқтырғандар саны 369 адамға жетті. Елордасында 184 адам, Алматыда 84,Қызылордада 24,Ақмола, 16,Қарағанды 14, Алматы облысында 8 адам қауіпті індетті жұқтырған. Қалған барлық аймақта вирус жұқтырғандар саны 1 адамнан 5 адамға дейін құрап отыр. Қостанай өңірі ғана коронавирустан аман. Жалпы еліміз бойынша, індеттен айығып шыққандар саны -26 адам. 3 адам қайтыс болды.

Адамзат үшін қауіп төндіріп отырған коронавирустан елімізде осымен үшінші адам қайтыс болды. Қарағанды қаласының ауруханасында бүгін таңда 62 жастағы ер азаматтың жүрегі тоқтады. Марқұм  Теміртау қаласында  нотариус болып жұмыс істеген екен. Ер адамның коронавирусқа шалдыққаны қайтыс болғаннан кейін анықталып отыр.Осыдан екі күн бұрын  Қарағандыдағы ауруханаға  жатқызылған. Сол сәтте оның жағдайы нашар болған. Қарағандылық дәрігерлер науқастан екі жақты пневмония болғанын анықтаған.  Науқас бірден жан сақтау бөліміне жатқызылған. Алайда интенсивті терапияға қарамастан, жағдайы нашарлай берді дейді дәрігерлер.

Мәлім болғандай  марқұм бұған дейін медициналық көмекке жүгінбепті. Науқаспен байланыста болғандардың барлығы оқшауланды.

Айжан Есмағамбетова – ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері; «Бас санитарлық дәргердің яғни менің  қаулыммен, енді коронавирустан қайтыс болған адамның мәйіті жақындарына берілмейді. Ең жақын туғандарымен 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жаназасын шығаруға тек бір ғана діни адам келе алады.Сөйте тұра оларға мәйітке жақындауға болмайды.Жерлеу рәсімі эпидемиологияға қарсы режимде жүргізіледі »

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының ауруханаларында індет жұқтырған 13 науқас ем алуда.   Жалпы елдегі жағдайға келсек, республиканың барлық облысын коронавирус жайлады. Қостанай өңірі ғана бұл індеттен аман. Қызылорда облысында қауіпті індет өршіп барады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан кейін Қызылорда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында тұр.

Айжан Есмағамбетова – ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері; «Құрметті қазақстандықтар, қауіпті індеттің іштен таралуы артып жатыр. 369 оқиғаның 70 пайызы ел ішінде жұқтырғандарға тиесілі. Шетелден келгендерден гөрі, іште жұқтырғандар саны көп.Бір адам 4 адамға жұқтыру қаупіт бар. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бір науқастан 2 адамнан 7 адамға дейін құқтырғаны мәлім болып отыр.Үйден шықпаңыздар!».

Аты жаман індетті жұқтырған ошақтар анықталып, елордада 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды.  Ол жерде короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар  да анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Осы есігі тарс жабылған үйлердегі тұрғындарға сыртқа шығуға, ол үйге басқалардың баруына  тиым салынған. Аумағы қоршалып, сақшылар бақылауда ұстап отыр. Тек елордада індетке шалдыққандар саны 180-нен асты. Жалпы елімізде коронавирустан 26 адам сауығып шықса, оның 16-ы нұр-сұлтандықтар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.