Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қан тапсырып-өмір сыйла

c 16:43, 01/10/2019 c 646

0:00 / 0:00

ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша депарамтенті қызметкерлерінің баршасы таңмен қан орталығына келіп, қан тапсыруда. Игі шара аясында 18 жыл төңірегінде 15 литр қан берген Біржан Хайруллин, қан тапсыру алдында толқып тұрған әріптестерін сабырға шақырып, қан тапсырудың қайырымды іс болумен қатар, адам денсаулығына тигізер пайдасын да сөз етті.

Қайырым­дылық шарасы қанның қатерлі дертіне шалдыққан және төтенше жағдайлар мен апатты оқиғалар болған кезде, медициналық мекемелерде қан тапшылығының алдын алуға бағыттылып отыр. Түптеп келгенде, ұзақ жасалатын оталардың барлығына әрбір қан тамшысының қымбат екені мәлім.Ізгі бастамаға ниетті аталмыш департамент қызметкерлері қан тапсыруды әуелден дәстүрге айналдырып келеді.

Сала мамандары атап өткендей, облыстық қан орталығындағы қан қоры жеткілішті көрінеді. Қан орталығы заманауи медициналық жабдықтармен жарақталып отыр, донорлық қанның компоненттерін дайындау және зерттеу жұмыстарында жаңашыл әдістер қолданылып келеді. Мәселен, дайын қан өнімдерін жіберу мен карантин бөлімі донорлардан алынған қан сарысулары 4 пен 6 ай көлемінде сақталып, толық зерттеуден өткеннен соң, плазмаларға құюға жіберіледі. Мұндай ұзақ мерзімді тексеріс - адам денсаулығының қауіпсіздігіне арналып отыр.

Акция аясына үн қосқан мекеме қызметкерлері, еліміздегі науқасқа шалдыққан азаматарға көмек көрсеткені белгілі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.