Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қан қысымы жоғары науқастарға берілетін тегін дәрілер нарықтан шығарылды

c 18:09, 03/08/2018 c 1042

0:00 / 0:00

Себебі препараттың кейбір партияларында қауіпті қоспа бар деген күдік бар. Соның ішінде Валсартан, Вазар әсер етуші препараттары осы санатқа еніп отыр. БҚО-да бұл дәрілерді 3000дай адам қабылдаған болуы мүмкін. Егер денсаулығы сыр бере қалса, олардан тез арада дәрігерге көріну сұралады.

Қытай халық республикасының Линхай провинциясында орналасқан Чжэцзян Хуахай фармасьютикалс компаниясынан өндірілген белсенді субстанция валсартанды нарықтан қайтарып алу жұмысы жүруде. Себебі оның кей партияларында қауіпті қоспа бар болуы мүмкін көрінеді. Бұл жөнінде АҚШтың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектері сапасын санитарлық қадағалау басқармасы мәлімдепті.

Дәрілік заттан N нитрозодиметиламин табылғанан кейін осындай шешім шығарылыпты. Препарат ауыр дерттерде, қан қысымынан зардап шегушілерге қолданылатындықтан оны қабылдауды мүлдем тоқтапай, дереу өзге дәріге ауыстыру керек.

Бұл қатарда Вазар, Валсартан, нортиван дәрілері де бар. Егер кімде кім осы препараттарды қабылдаудан кейін өздерін нашар сезінсе дереу дәрігерге жүгуі тиіс. Мұндай әсерлер жөнінде өндірушінің қазақстандағы өкілі Рацилфарм Қазақстан компаниясына 8 727 325 1615 телефоны бойынша хабарласуға болады. БҚО-да 5 мыңдай емделуші осындай препараттарды тегін алатын болса, оның 3000-ы дәрілік затты қолданған болуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.