Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалада 50 аула жөндеуден өтеді

c 17:52, 24/06/2021 c 840

Орал қаласында орналасқан Мәншүк Мәметова 60, Кердері 174, 172/2, Мұхит 129 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары аулаларын жөндеуді сұрайды. Бұқара халық наурыз айында арнамызға хабарласып, балалардың ойнайтын ауласы жоқ деп шағымданған болатын. Сол кезде арна тілшілеріне сұқбат берген тұрғын үй коммуналды шаруашылығының басшысы Жандос Дүйсенғалиев биыл 4 төрт үйдің ауласы жөнделеді деп мәлімдеген еді.

Бұл- Мәншүк Мәметова 60, Кердері 174, Кердері 172/1, Мұхит 129 мекенжайының тұрғындары. Төрт үйдің халқы бірнеше жылдан бері ауланың жөнделуін күтіп жүр. Есік алдына ойнауға шыққан балаларымыз көк шаңға көміліп, тозаң жұтады. Ал дені дұрыс әпкеншек тебу арманға айналды,- дейді.

4 үйдің ауласын жөндеу туралы проблеманы наурызда көтерген едік. Сол кезде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшысы биыл аулаларды жөндейміз деп айтқан-ды. Тұрғындардың сауалын құзырлы мекемеге тағы бір мәрте жолдап көрдік. Мамандар қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу бойынша мердігер компанияны табу үшін конкурс өтіп жатқанын айтады. Шілденің алғашқы он күнінде мердігермен келісімшартқа қол қойылса, бірден жұмысына кіріспек екен.

Биыл Орал қаласында 50 аула жөндеу көрмек. 19 ауланың жобалық-сметалық құжаттары сараптамадан өтуде, 29 ауланы сметалық құжатсыз уақыт пен ақша үнемдей отырып жөндемекші. Бұл үшін 1 млрд. 315 млн. теңгедей қаражат қарастырылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.