Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалааралық автобустар жұмысы шектеледі

c 14:14, 29/04/2021 c 982

0:00 / 0:00

Облыста енгізілетін күшейтілген карантиндік талаптарға сәйкес 1-ші мамырдан бастап қаларалық автобустар қызметін уақытша тоқтатады. Бұл туралы автовокзал әкімшілігі мәлімдеді.Естеріңізге сала кетеміз, 4- ші наурыздан бастап, қалааралық автобустар қатынасы жанданған еді. Карантиндік шектеулерден соң автовокзал қызметкерлері жұмыс орындарына қайта оралып, мәре-сәре болғаны көпшілікке аян. Екі айға жетер-жетпес мерзімнен соң жаңа қаулыға сәйкес енді Орал-Атырау және Орал-Ақтөбе бағытындағы автобустар қайтадан жұмысын уақытша тоқтататын болды. Осыған дейін бір жылдан аса уақыт кәсіпорын жұмысы тұралап, мыңнан аса қызметкер жұмыстан ақысыз демалысқа жіберілген болатын. Компания басшылығы бұл орайда кәсіпорынның құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұрғанын мәлімдеді. Ал жергілікті халық қалааралық автобустар жұмысының тоқтағанына қарсылық білдіруде.Орал автовокзалынан Ресеймен қоса 7 бағытқа қоғамдық көлік қатынайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.