Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯНЫ ЖЫМҚЫРУ СХЕМАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

c 17:39, 24/11 c 1

0:00 / 0:00

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі тергеліп жатыр. Күдікке ілінген азамат бірнеше компанияны өз бақылауына алып, мемлекеттен қаржы алудың күрделі схемасын ұйымдастырған. Құжат жүзінде техника сатып алынғанымен, оның бір бөлігі шаруашылықтарға мүлде жеткізілмеген. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Агрохолдинг Туркестан» және «JMJ-Агро» серіктестіктері арқылы 81 жаңбырлатып суару қондырғысын сатып алуға субсидия рәсімделген. Ал лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы «АгроПромЛизинг» микроқаржы ұйымы көрсетілген. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат осы ұйымның арнайы шотына аударылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.