Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала дамуы

c 17:42, 15/10/2020 c 500

0:00 / 0:00

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Орал қаласының əкімі Абат Шыныбеков 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 15 миллиард теңгеден астам қаражат игеріліп жатқанын айтты. Бұл қаражат автожолдар мен əлеуметтік нысандарды жөндеуге, инженерлік желілер салуға жəне абаттандыруға бағытталды. Қазанның 1-і күнгі есеп бойынша қала бюджеті 80,8 миллиард теңгені құрады. Бұл - былтырғы көрсеткіштен 51 пайыз көп. Қала бойынша құрылыс саласы мен тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын дамытуға жұмсалатын шығын артқан.«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттен 1,8 млрд. теңге бөлінді. «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 7 326,6 млн. теңгеге 23 жоба мақұлданды, құны 1,2 млрд. теңге болатын төрт жобаны іске қосу қарастырылуда. Жобаның əлеуетті қатысушыларының дені - өңдеуші өнеркəсіп кəсіпорындары. Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Батыс Қазақстан филиалы арқылы екі бизнес-жобаны жүзеге асыруға 9 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар құны 140 млн. теңге 12 бизнес-жоба қарастырылуда.«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 20,270 млрд. теңге бөлінген. Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында 1355 пəтерге есептелінген көппəтерлі 8 үй қолданысқа берілмек.Қалада жалпы ұзындығы 61 шақырым болатын 55 көшенің жолын жөндеу жұмысы жүргізілуде. Оған бюджет есебінен 9,3 млрд. теңге жұмсалуда. Шаһар ішінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сəуір айынан бастап көшелерге 10 бағдаршам, 12 қосымшалы бағдаршам, 50 жасанды кедергі орнатылды. 200 жаяу жүргінші өтпеліне термопластикалық жолақ жапсырылды. «Қауіпсіз аула» жүйесі бойынша учаскелік полиция пункттеріне 340 сыртқы бақылау камерасы орнатылды. Қазіргі уақытта 150 көшеде 7200 жарық шам ауыстырылған.
Биыл қалада төрт спорт алаңы ашылды, сегіз спорт алаңы күрделі жөнделіп, екі спорт кешені мен екі спорт зал пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта «Деркөл» шағынауданының демалыс саябағындағы спорт алаңы күрделі жөнделуде. Қаланың Мөңкеұлы көшесіндегі тынымбақ ішінен жүгіруге арналған 2 км жол тарту, Street Workout алаңын салу жəне спорт алаңын күрделі жөндеу, жыл соңына дейін «Омега спорт спартак» спорт кешенінің ашылуы жоспарланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.