Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қайырымдылық керуені басталды

c 17:46, 01/03/2022 c 580

0:00 / 0:00

Көктемнің алғашқы күніндегі ерекше мереке «Алғыс айту» күні және Қазақстан халықтарының ассамблеясының құрылған күнінде шаһарда «Қайрымдылық керуені» акциясы өткізілді. Шараның мақсаты-қаламыздағы мұқтаж жандарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып, көмек көрсету.Бүгін Орал қаласындағы БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы еріктілер қозғалысы орталығының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті. Шараға күштік құрылымдық өкілдері, волонтерлік қозғалыстар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері ат салысты. Бірнеше көліктен тұратын керуен көші 100 ден аса мұқтаж отбасына әлеуметтік көмек жеткізді.Айта кету керек, қайырымдылық шарасы өңірімізде жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Ассамблея мүшелерінің айтуынша, мұндай жұмыстар қуантарлық нәтиже беруде. Өйткені шын жүректен жылулық сыйлайтын мұндай шаралар болашақ ұрпақтың бойына рухшылдықпен қатар мейірімділік қасиеттерді сіңіріп өсуге сеп болмақ.
Шара соңы мерекелік концертпен тәмәмдалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.