Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЙТА ВАКЦИНАЦИЯЛАУ

c 09:58, 28/09/2021 c 944

0:00 / 0:00

Коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау жоспары бар. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация мәселесі өзекті болып тұрғанын айтты. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына жетекші клиницист-ғалымдар, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары енді.Әзірге нақты қашан ревакциянация  жүргізілетіні белгісіз. Сарапшылардың қортындысынан соң мәлім болмақ. Дегенмен екпені салдырғандар арасында 1 ақпаннан бері  482 адам індеттен көз жұмды.

Қазақстанда ковидке қарсы вакцина салдырғандар саны 7 миллион адамға жуықтады. Ақпан айынан бері жүріп жатқан науқан барысында денсаулық сақтау министрлігі көздеген көрсеткішке жете алмай жатыр. Бүгінде халық санының 30 пайызы ғана екпе жасатты. Алайда, вакцина салдырғандар арасында індет жұқтырып, одан көз жұмып жатқандар да бар. Министр Цойдың айтуынша, 1 ақпаннан бері коронавирусқа қарсы вакцина алған 482 адам індеттен көз жұмды.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ "Бірінші ақпаннан тамыздың соңына дейінгі жағдайда вакцина алған 482 адам қайтыс болды. Бұл коронавирустан көз жұмғандар санының шамамен 5 процентін құрайды. Жалпы індеттен көз жұмғандардың дені вакцина алмағандар»

Коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау жоспары бар. Ревакцинация мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ -" Қазіргі кезде барлық мемлекет үшін ревакцинация мәселесі өзекті болып тұр. Қазақстанда арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына жетекші клиницист-ғалымдар, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары енді. Бүгінде нақты талап жоқ. Өйткені COVID-19 – жаңадан шыққан вирус"

Өздеріңізге мәлім, елде бүгіннен бастап той-томалақ өткізуге рұқсат берілді. Бірақ оның да қатаң талаптары бар. Аймақтардың эпиджағдайына қарай, жиын-тойға жиналушылар саны 100 адамнан аспауы керек. Дегенмен, кейбір белгілі тұлғалар той тойлауды ерте бастап кеткен. Өткен демалыста депутат Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабеков бастаған, Өскемен қаласының әкімі қостаған, әншілер мен ақындар бас қосқан тойдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл үшін аталған лауазымды тұлғалар жауапқа тартыла ма деген сұрақ қойылды.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ –ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ешкім де жауапкершіліктен қаша алмайды. Аты-жөндері аталып отырғандықтан жауапкершілік бәріне бірдей. Санитарлық норма талаптарын бұзғандар кім болса да, заң алдында жауапты. Ешкімге жеңілдік жоқ»

Шенеуніктер елде салтанатты шаралардың өткізуге рұқсат беру  той-томалақ үшін емес.  Шағын және орта бизнесті қолдау үшін жасалып отыр дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.