Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Инвесторлар есебінен

c 17:36, 28/10/2020 c 521

0:00 / 0:00

Биыл облыста 8 млрд теңге қаражатқа 6 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оған қоса мемлекеттік бағдарламалар аясында 4,5 млрд теңгеге Орал қаласы мен аудандарда 33 білім беру нысаны күрделі жөнделуде. Мектеп мәселесін шешу үшін жеке инвесторлар тартылып, биыл екі мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясының төрағасы Надир Курумбаев мәлімдеді.Осылайша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтеретін әлеуметтік нысандар саны артатын болады. Яғни мемлекет инвесторларға бар жағдайды жасайды. Инвесторлар өз қаражаты есебінен мектепке сұраныс бар аудандарда құрылысты қолға алады. Ал кәсіпкер шығыны кезең-кезеңімен 10 жыл уақытқа дейінгі аралықта қайтарылады. Осы орайда биыл қалада 900 орындық №51 орта мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Тағы екі мектептің құрылысы басталады. «Каз-Холл» ЖШС, Орал қаласының №31 мектебінің орнына су жаңа білім ошағын салса, «Нуркапстрой» ЖШС, Орал қаласының №52 мектебінің құрылысын Зашағанда бастайды деп жоспарланып отыр.
Халықтың өсуіне байланысты қалада әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келеді. 8 мектеп қазір үш ауысымда оқытады. Үш ауысымды оқытумен байланысты мәселені шешу үшін жыл сайын кемінде 3 немесе одан да көп мектеп салып отыру қажет. Жалпы, шаһардағы оқушы орнының тапшылығы 2281 орынды құрайды.Жаңа ғимарат салу есебінен апаттық жағдайдағы екі мектептің мәселесі биыл шешімін табады. Қалған апатты мектептер жағдайын 2021-2022 жылдары шешу жоспарлануда.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.