Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Инвестициялық жоба

c 17:45, 21/10/2020 c 456

0:00 / 0:00

"Жайық жылу қуат" Акционерлік қоғамы 2016-2020 жылдырға арналған инвестициялық жобаларды орындау үшін 2 млрд 989 млн теңгедей қаражат бөлінді. Төрт жылдан бері аталмыш мекеме тозығы жеткен құбырларын, қазандықтарын жөндеп, алмастыруда. Биыл жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 185 млн теңгедей қаражат қарастырылған.

4 жылдан бері "Жайық жылу қуат" мекемесі инвестициялық жобалардың аясында тозығы жеткен құрылғыларды алмастырып, құбырлары мен қазандықтарын жаңалау үшін жұмыстанып келеді. Аталмыш жұмысты орындау үшін жалпы 2 млрд 989 млн теңгедей қаражат бөлінген.

Биыл инвестициялық жоба аясында "Жайық жылу қуат" мекемесі жылу алмасу пунктерінің 33-ін автоматтандырыпты. Бұл Құрманғазы көшесінде орналасқан жылу алмасу пункті. Аталмыш кешен 9 қабатты 3 тұрғын үйді жылы сумен, жылумен қамтамасыз етіп келеді. Қазіргі таңда сынақ жұмыстары жүргізуде. Жұмыстың баршасы қыркүйекте басталған. Мамандар автоматтандырылған жүйе желтоқсанда толыққанды жұмысқа қосылады,- дейді.

Автоматтандырылған жүйе жұмыс күшін үнемдеуге мүмкіндік бермек. Жылу алмасу пунктеріндегі барлық ақпарат орталыққа жиналып, оны бір адам басқаратын болады. Және инвестициялық жоба аясында жер үсті жылу өткізгіштерінде жылу оқшаулағышты мырыштан жасалған қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.