Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Импортқа тәуелдіміз

c 21:09, 17/01/2020 c 599

0:00 / 0:00

Мақта бар – киім тікпейміз, ет бар – шұжық жоқ. Шикізат емес өндірістің ІЖӨ үлесі 11 пайыздан аспай отыр. Осылайша отандық өндірушілер алға жылжи алмай, тұралап тұр. Ал сырттан келетін импорттық тауарлар ішкі нарықты жаулап алған. Өзімізде ет бола тұра, сырттан ет өнімдерін тасимыз. Бұл намысқа тиеді дейді кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзхаметов. Сол себепті, кәсіпкерлер палатасы импорт алмастыру жұмысын күшейтпекші. Ол үшін Үкіметпен тиісті келісім де бар .Бұл жайында ол елордада өткен брифингте айтты.

Отандық тауар түрлерін өсірмек түгілі, қолдағы барымыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Бизнес қауымдастығының басшысы Абылай Мырзахметов  отандық өнімді өндіру аясын кеңейте алмай отырмыз деп алаңдаулы. Оның пікірнше, бизнесмендер өз тауарын өндіруде тәуекелге баруы керек, батыл қадамдардан қорықпауы қажет.Етіміз бола тұра, сырттан шұжық тасимыз, мақтамыз бола тұра өз киімізді тіге алмай отырмыз деп намыстанды  кәсіпкерлер палатасының төрағасы.

Қазақстан экономикасы шикізатқа тәуелділіктен арыла алмай отыр.Себебі отандық өндіріс дамымай жатыр. Шикізат емес өндірістің ІЖӨ үлесі 11 пайыздан аспайды. Осылайша отандық өндірушілер алға жылжи алмай, тұралап тұр

Бүгінде құс етінің елу пайызы,сүт өнімдерінің 67 пайызы, ірімшіктің 44, қанттың 53 пайызы импортпен келеді. Бұдан әрі тізе берсек сырттан әкелінетін  азық-түлік түрлері көп. Ал жеңіл өндірістің импорттағы үлесі 90 пайызды құрап отыр. Кәсіпкерлер палатасы қазақстандық бизнестің еңсесін көтеру үшін импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылғалы отыр. Кеңес арқылы бизнес  мемлекеттік органдармен  бірлесіп отандық өнімде қолдау көрсету шараларын қолға алмақ. Наурыз айынан бастап мемлекеттік органдарға импорттық тауарларды алуға тиым салынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.