Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Иесіз көлік кімдікі?

c 16:45, 23/11/2020 c 407

Оралдық полицияның иесіз көлікті күзеткеніне екі айға жуықтады.Оралдық сақшылардың жол бойында иесіз қаңтарылған жүк көлігін торып жүргеніне екі айға жуықтады. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, бұл көліктің жүруіне тыйым салынған.Сақшылар тоқтатқан кезде жүргізушісі көліктен түскенде кілтті жоғалтып алғанын айтып ақталыпты. Қосалқы кілтін үйден әкелемін деп кеткенінен әлі оралмаған. Енді полиция жол жиегінде тұрған иесіз мәшинені күзетуге мәжбүр болып отыр. Полициядан айласын асырған иесі көлікке тиелген етті басқа көлікке тиеп әкетіпті. Жүк мәшинесінің иесі - Орал қаласының тұрғыны. Осыған дейін де оның бір көлігі төленбеген қарызы үшін ұсталып, айыптұраққа апарылған екен. Енді сақшылар мына көлікке не істерін білмей дағдарып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.