Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ғ.Есқалиев: Мектеп салуға инвесторлар тарту қажет

c 18:02, 14/06/2021 c 634

0:00 / 0:00

Облысқа білім беру мекемелерін салуға инвесторлар тарту қажет. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді. Өңір басшысының айтуынша өзге аймақтарда 26- 27 мектеп кәсіпкерлер есебінен бой көтерсе, біздің өңірде не бары екі білім беру ошағы инвестор қаражатына тұрғызылуда.Бүгінгі күні облыста бюджет есебінен сегіз және екі жеке мектептің құрылысы жүргізілуде. Әкімдікте атап өткендей, іс-жүзінде бизнесмендер есебінен білім ошақтарын салу тиімділігін көрсетіп келеді. Инвесторлардың бастапқы кезде жоба сомасының тек 10 пайыз шығынын төлей отырып, құрылысты бастауға мүмкіндігі бар. Қалған 90 пайыз қаражатты екінші деңгейді банктер арқылы төменгі пайызбен несие алу арқылы қолға алады. Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның мәліметінше бүгінде Сырым ауданына жаңа мектеп қажет. Ал облыс әкімінің айтуынша, инвесторлар шығынын мемлекет уақыт өте келе толықтай өтеп береді. Кәсіпкер мектеп құрылысын қолға алған жағдайда оның интернатына мемлекет қаражат бөлуге қауқарлы. Қажет жағдайда мұғалімдер мен қызметкерлерді жұмылдыру бойынша да тиісті жұмыстар жүргізіледі. Тек осы істе инвесторлар тартуда қажетті жұмыстар атқарылуы тиіс.  Құрылыс басқармасының мәліметінше, облыста тұрғызылып жатырған білім ошақтары уақытында тапсырылады. Бүгінгі күні бұл орайда ешқандай мәселе жоқ. Солардың бірі- Оралдағы №33 ЖББОМ. Нысанның құрылысы көп ұзамай аяқталып, жаңа оқу жылында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлынып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.