Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үздік тауар

c 20:08, 11/10/2019 c 633

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қаласында 153 отандық кәсіпорынның өнімдері шығарылған көрме жұмысын бастады. Қазақстандық өнім сапасын арттыру мақсатында жылда дәстүрлі түрде өтетін көрменің аясы да кеңеюде. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында сондай-ақ, қолөнершілер мен ұлттық туризм саласының жұмысы паш етілген. Көрме аясында өткен форумға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасының басшылығы мен индустрия министрлігінің өкілдері қатысып, кәсіпкерлердің шешімі табыламй жатқан мәселелері бойынша пікір алмасты.

Жылда дәстүрлі түрде өтетін «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде азық-түліктен бастап, киім-кешек, текстиль, құрылыс материалдары, медициналық жабдықтарына дейін өнім түрлерін көруге болады. Көрмеге өз өнімін шығарған отандық өндірушілердің жылдан-жылға өрісі кеңейе бастағанын да аңғарасың. Биылғы көрмеге сондай-ақ, 70-ке жуық қолөнер шеберлерлерінің туындылары мен ұлттық курорттық қауымдастықтың жұмысы шығарылды. Көрмеге шығарылған тауарлар өндіруші ұсынған бағамен сатылып жатты. Мысалы, өзбек ағайындарың қыш ыдыс-аяқтарын сатып алып жүрген болсақ, енді мұндай өнімді қазақстандық кәсіпкерлер де шығара бастапты.

Дегенмен, отандық өндірушілердің әлеуетін әлі де болса дамыту қажет. Ең басты талап- сапалы тауар шығару. Әзірге қазақстандық өнімдер ішкі нарықты толық қамтып жатқан жоқ. Ал бұл орайда экспорт туралы ауыз ашу да ерте. Тек шикізат шығаруда ғана көрсеткіш бар. Бизнес қауымдастығының басшысы алып көрші-Қытай нарығын ұтымды пайдаланғанымыз жөн деп отыр.

Қазақстандық кәсіпкерлерге қанатын кең жайып дамуы үшін не кедергі? Әкімшілік тексерулер, салық ауыртпашылығы, инфрақұрылым. Құзырлы орган бұл жағынан қажетті қолдауды жасап жатырмыз дейді.

Өздеріңізге мәлім, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, алдағы үш жылда шағын және микробизнес үш жылға салықтан босатылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.