Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ СЫНАЛДЫ

c 09:44, 24/09/2021 c 1384

0:00 / 0:00

Барлық мемлекеттік органдардың, квази-мемлекеттік сектордың  бюджет қаражатын тиімді жұмсалуын май шаммен қарап, кем-кетігін тізіп отыратын Есеп комитетінің жұмысы сыналды. Сенатор Андрей Лукин тексеру комиссияларының жұмысында заң талаптары бұзылып отырғанын айтты. Депутат еліміздің есеп комитетінің басшысына жолдаған сауалында қаржыға қатысты ережелердің бұзылғанын, жан-жаққа тексеріске шыққан аудиторлардың іс-сапарына жұмсалған қаржаттың ақталмай жатқанын мәлімдеді. Бұл жайында ол Парламент Сенатының жалпы отырысында айтты.

Сенатор Андрей Лукиннің пікірінше, қаржыға қатысты көптеген ережелердің бұзылуы комиссия төрағасы мен  мүшелерінің тиісті бақылауының жоқтығын көрсетеді және заңнама талаптарын ескермеу салдары болып табылады. Сенатор Қазына қаржысының тиімді жұмсалуын май шаммен қарап, кем-кетігін тізіп отыратын Есеп комитетінің жұмысын сынады. Депутат мемлекеттік аудиторлар көп жағдайда тексеру жұмыстарын жүргізуде, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалып жатқаны жайында шынайы мәліметті бермейді дейді. Тексеру комиссияларының сансыз іс-сапарына кеткен шығын, бюджетке келген кірістің  жартысын құрап отыр.

АНДРЕЙ ЛУКИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ -«Аудиторлардың іс сапарына бөлінген шығын тәркіленген бюджет қаражатының 62 пайызын құрайды. Яғни қазынаға 100 млн теңге кіріс кірсе, соның 65 млн теңгесі осы тексеру комиссиясының іс сапарына жұмсалған».

Сенатор мекемелердің басшылығы мен мемлекеттік аудиторлардың бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында жоспарлау мәселелерінен бастап аудит және қаржылық бақылау процесіне дейін заң талаптарының елеулі бұзылуы орын алғанын талдау нәтижелері көрсетіп отыр дейді.

АНДРЕЙ ЛУКИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ -«Республикада 676 тексеру комиссиясының қызметкері бар. Штатқа жылда қазынадан 4 млрд теңге жұмсалады. Алайда, тексеру комиссиясының қызметкерлері бюджет қаражатын тиімді пайдалануды бақылау-қадағалау жұмысын толыққанды орындап жатқан жоқ »

Осылайша, есеп комитетінің жұмысына күмән тудырған сенат депутаты, қазына ақшасының жұмсалуын бақылайтын аудиторлардың өзін тексеру керек деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.