Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ КІМ ҚОРҒАЙДЫ?

c 12:08, 05/07/2022 c 946

0:00 / 0:00

Елордадағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Нұрлы жүрек» әлеуметтік орталығында медициналық жабдықтар жетіспейді. Ғимарат бейнекамерамен толық қамтылмаған. Ал ерекше балалармен 8 сағат бойы тынымсыз жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы аз. Бүгін әлеуметтік орталыққа бас сұққан Парламент Мәжілісінің депутаттары осы проблемаларды өз көзімен көріп қайтты.

Тағдыр тәлкегіне түсіп, туа біткен мүгедектікпен күресіп, үнемі медициналық бақылауды қажет ететін ерекше балаларға арналған әлеуметтік орталықта керектің бәрі болмай шықты. Ел астанасында орналасқан «Нұрлы жүрек» орталығына бас сұққан депутаттар кем-кетіктің бәрін өз көзімен көріп шықты. Бұл жерде сал ауруына шалдыққан, аутизм, эпилепсия сияқты ауыр науқасты ерекше балалар ем алады. Бір қарағанда ғимараттың іші таза, енді ғана жөндеуден өткені байқалады. Дегенмен, ішіне үңіле келе мүмкіндігі шектелу балаларға қажеттің бәрі жоқ екенін көрдік. Ғимараттың дәліздерінде ғана бейнекамера бар да, балалар орналасқан, емдеу бөлмелерінде камера жоқ. Медициналық жабдықтармен толық қамтылмаған. Бәрі ақшаға келіп тіреледі және қажетті қаржы көлемі саналып жатыр дейді орталық басшысы. Елорда бюджеті сұраудың бәрін қамти алмай отыр.

Бүгінде қазақстандық мектептерде ерекше балаларға арналған инклюзвті білім беру бар. Алайда, мектептерде инклюзивті білім алып жатқан мүгедек балалар саны санаулы. Денсаулығына байланысты мектепке барып білім ала алмай жатады. Көбісі үйден оқиды. Ал аталмыш әлеуметтік орталықта 118 бала емделіп, білім алып жатыр. Бірақ педагог тапшы. Себебі 187 мың теңге айлыққа жұмыс істейтін маман табу қиын.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша, мәжіліс депутаттары да орталық қажеттлігін қамту үшін өз сұраулары мен ұсыныстарын әзірлемек. Тіпті, оның орындалуын күзде келіп тексеріп кетеміз деп отыр.

Ел үкіметі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзтивті білім беруді қолжетімді қылу міндетін алған. Тіпті мүгедектердің құқығын қамту мақсатындағы халықаралық келісімді бекітті. Егер осы заң талаптары орындалмаса, мүгедектердің құқығы тапталған болап есептеледі. Ал ел астанасындағы әлеуметтік орталықтағы кемшіліктерді жою үшін жергілікті маслихат қажетті қаржыны бөле ме? Оны уақыт көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.