Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Электронды порталдың жұмысы қорытындыланды

c 18:20, 08/11/2018 c 513

0:00 / 0:00

Еліміздің аумағында қарқынды түрде "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асып, қағазбастылықтан арылу мен замануи жаңалықтардан құр қалмау үшін жасалып жатқан жұмыс аз емес. Бұл бірінші кезекте, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тойтарыс беріп, азаматтардың уақытын үнемдеуге атсалысатыны белгілі. Цифрландыру ісі барлық салада енгізіліп жатыр. Бірінші кезекте, азаматтардың мемлекеттік қызметкерді алу үшін электронды үкімет порталы іске қосылды. Сала мамандары келешекте облыс аумағында цифрлы халыққа қызмет көрсету орталығының ашылатындығын мәлімдеді.

Биылғы жылы азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының мамандары азаматтардан 1 млннан өтінішті қабылдап, 1 млн 59 мың қызметтерді көрсеткен. Сала мамандары көпшіліктің сұранысына ие адрестік анықтамаларды алу ісінде бірқатар жеңілдіктер орын алғандығын тілге тиек етті.

Биылғы жылы облыс аумағында арнайы темір тұлпары бар азаматтарға арналған арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықтың қабырғасында ешбір делдалсыз қордаланған мәселені шешуге болады. Сондай-ақ, сала мамандары жүргізуші куәлігін үйден шықпай, ғаламтордың көмегімен алмастыруға болатынында айтып берді.

Сондай-ақ, қазақстандықтарды электронды порталдың көмегімен өзіне қажетті анықтамаларды алып, куәлігін алмастыру сынды жұмыстардың баршасын өздері ғаламтордың көмегімен атқаратын жандардың қарасын көбейту мақсатында цифрлы халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.