Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛДІ ГАЗДАНДЫРУДЫҢ 2 НҰСҚАСЫ БАР

c 10:00, 25/05/2022 c 723

0:00 / 0:00

Үкімет солтүстік пен шығыс өңірлерін газдандыру бойынша 2 нұсқаны қарастырып жатыр. Бұл жайында Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. Бірінші нұсқасы -Ресей Федерациясынан газ тарту болса, екіншісі-«Сарыарқа» магистральдық газ құбыры арқылы газдандырудың екінші кезеңін бастау.

Үкіметтің кезекті отырысында қаралған басты мәселе- еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарына газ тарту болды. Бас энергетик Болат Ақшолақов бұл орайда екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі көрші Ресейден газ тартуды көздейді. Қазір бұл мәселе қазақстандық-ресейлік жұмыс тобында қаралып жатыр. Ұзындығы шамамен 1 000 км болатын газ құбыры қалай өтетіні де қарастырылған.

Ақшолақовтың ұсынған екінші нұсқасы «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының екінші кезеңін бастау. Бұл балама ретінде ұсынылып отырған нұсқа.

Өздеріңізге мәлім «Сарыарқа» газ құбыры арқылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірқатар тұрғын алабына газ тартылды. Нәтижесінде 14 мыңнан астам абонент немесе 191 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізді. Ресми мәліметке сәйкес, сол 14 мың абоненттен 3 мың адам ғана көгілдір газдың игілігін көріп отыр. Газ бағасының қымбаттығынан елордалықтар газ қосуға асықпайды. Бұған қатысы энергетика министрі Ақшолақов астанада газға қосылу бағасын төмендетуге қатысты "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтады. Сондай-ақ, газға қосу үшін оны рәсімдеуде бюрократия көп. Министрдің айтуынша, бұрын 8 құжат қажет болған. Қазір біз оны төртке дейін қысқартты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.