Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экономикалық соттың есебі

c 17:39, 19/07/2019 c 766

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2019 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады. Алты айдың көлемінде аталмыш сотқа 1288 арыз келіп түскен. Сала мамандары биыл сотқа жүгінген арыз-шағым 486 жағдайға кемігендігін айтады. Сотта қаралатын істердің кемігендігіне заң жобасына енген өзгерістер себеп болып отырған көрінеді.

Сотта 388 іс келісімшартта айтылған талаптарды орындамауға байланысты болса, 564 шағым мемлекеттік сатып алу ісіндегі олқылық қаралған. Сондай-ақ, биыл 37 жер участкісі кері мемлекеттің есебіне қайтарылды.

Бүгінгі таңда мамандандырылған экономикалық сотында процесті ашық әрі қос тарапқа әділетті болу үшін "Смарт сот" жобасы жасақталған. Бағдарламаның аясында қашықтықтан сот тыңдалымына қатысуға болады. Сондай-ақ, азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы "фронт кеңсе" өз жұмысын бастады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.