Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экологтар орман арқылы жол салуға қарсы

c 15:40, 21/12/2021 c 2737

0:00 / 0:00

Оралда Басқақ тоғайлың тағдыры әлі шешілген жоқ. Қала билігі оның аумағында саябақ, одан кейін айналма жол салуды көздеген еді. Бірақ 22 желтоқсанға жоспарланған қоғамдық тыңдау шарасы өтпей қалды. Облыс орталығының әкімдігі жобаға өзгеріс енгізілетінін айтты.Айта кетейік, Басқақ тоғайдың аумағын дамыту жоспары оралдықтарға былтыр таныстырылған еді. Осы жоспарға сай, орман ішінен тұрғындарға арналып саябақ пен жол салынып, тіпті тұрғын үйлердің де құрылысы басталуы тиіс еді. Бірақ мұны іске асыру үшін Басқақ тоғай мемлекеттік орман қорынан шығарылып, қала әкімдігіне берілуі керек.Табиғат жанашырлары орман түгілі қаладағы орталық саябақтың инвентаризациялық құжаты жоқ екенін айтады. Сондықтан Қоршаған ортаны қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілмей орман алқабына қол ұшын тигізуге болмайды, әйтпесе жасыл зона кәсіпкерлердің қарауына өтіп, қоршаған ортаға орасан зор зиян келеді деген пікірде. Орман оталса, мұндағы сирек кездесетін аң-құстар ғана емес, өсімдіктер де мүлдем жойылып кетуі мүмкін екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.